Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 120 млн доллар қайтарды

Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлының елден заңсыз шығарған ақшалай қаражаттарын қайтарды.

Мәлім етілгендей, осылайша кейінгі 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілген. Олардың қатарында әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, зәулім үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол тораптары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар бар.

Еске салсақ, былтыр Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, ол 6 жылға сотталды. 

«Қазақтелеком» және «Көліктік сервис орталығы» компанияларының қаражатын жымқырды деген айыппен бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалды жазасын  Шығыс Қазақстан облысында өтеп жатыр. Биылғы желтоқсанда өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жолдады.