Жаңалықтар

Жезқазғандағы ЖЭО-да 3 жылыту қазандығы істен шықты

fireman.kz

Жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градус төмен.

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қаладағы Жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың тоқтап қалуы туралы түсініктеме берді. Қазір Ұлытау облысының орталығында 5 қазандықтың тек үшеуі ғана жұмыс істеп тұр.

Жылу желілеріндегі температура нормадан 10 градус төмен, яғни қалыпты 73 градустың орнына, 63 градус.

«18 желтоқсан кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, мамандар жөндеуге кірісті. Қазандық 19 желтоқсан күні сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. 19 желтоқсан күні сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық  сағат 10:15-те істен шықты, түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде», - деп мәлімдеді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Қала басшылығы осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді деп уәде беріп отыр. ЖЭО мамандары таңертең 10.00-де 5-қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.