Жаңалықтар

Украина үкіметі 3,5 мың мемлекеттік кәсіпорынды сатуға ниетті

ашық дереккөзі

Украина үкіметі 3,5 мың мемлекеттік кәсіпорынды сатуға ниетті

Украина премьер-министрі Владимир Гройсман аукцион арқылы 3,5 мың мемлекеттік кәсіпорынды сатуға шығаратынын мәлімдеді. Ол байқау барынша таза өту керек дейді. Настоящее время арнасына сұхбат берген Гройсман үкіметтің монополия қызметін реттеуге шамасы жетпей жатқанын мойындады. "Үш мың жарым мемлекеттік кәсіпорында жекешелендіру керек. Еркін нарыққа беру керек. Осылай коррупциядан тазарта аламыз. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындар директорлар үшін жемқорлықтың ортасы. Бізге оларды бақылау қажет емес",- деді ол. Осыған дейінгі мемлекеттік меншікті сату әрекетін ол "прихватизация" деп атады. Шенеуніктің сөздерінше, ол кезде сатып алушыларға орындай алмайтын талаптар қойылған. "Қалай істеді? Бұл кәсіпорынды осы салада жүз жыл тәжірибесі болған инвесторға ғана сатып алуға мүмкіндік берді. Ал бұл талаптарға тек бір ғана адам сәйкес келді. Сол ғана сатып ала алатын болды. Бұл қандай бәсекелестік?"- дейді Гройсман. Премьер-министр кәсіпорындарды сатқаннан кейін, мемлекет олардың қызметін тексермейтін болады деді. Оның пікірінше, меншік иелерінің өздері бизнестерін дамытуға мүдделі болады.