Жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

23 желтоқсанда Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.