Жаһан

Байқау тарихында болмаған: "Франция аруының" шаш үлгісіне қатысты шу шықты

сурет: sortiraparis.com

Әлеуметтік желіде байқау жеңімпазын сынға алғандар бұл шешімді "жаңа заманның оянған мәдениеті" үшін шығарылған жасанды ұйғарым деп есептейтіндерін айтты.

Француз сұлулық байқауы соңғы жылдары байқауды түрлендіру үшін белсенді жұмыс істеп келеді, деп жазды Euronews. Францияның басты сұлулық байқауының 100 жылдық тарихында алғаш рет шашы қысқа қатысушы Франция аруы атанды.

Байқауда жеңіске жеткен 20 жастағы Ева Гиллес бұл жетістікті "әртүрліліктің жеңісі" деп бағалады. Гиллес "күшті әйелдердің құндылықтарын қорғауға" уәде берді. Сенбідегі жеңісінен кейін ол былай деп қосты: "Біз ұзын шашты әдемі қыздарды көруге дағдыланғанбыз, бірақ мен қысқа шашты андрогендік көріністі таңдадым (...) әр әйел әр түрлі, Біз бәріміз бірегейміз”.

© ARNAUD FINISTRE / AFP

Дегенмен, бұл шешімге қатысты қоғамда кереғар пікір көп болды. Әлеуметтік желіде байқау жеңімпазын сынға алғандар бұл шешімді "жаңа заманның оянған мәдениеті" үшін шығарылған жасанды ұйғарым деп айыптап, келесі ару қандай болатынына алаңдайтындарын жеткізді.

Байқау жеңімпазы мәселе шашта болса, оны өсіретінін, ол қиындық емес екенін мәлімдеді.