Қоғам

Түркістан облысының 35 жастағы тұрғыны екі шетелдікті құлдықта ұстаған

Полиция басқармасына 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан арыз түскен.

Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті құрықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Тараз қаласы полиция басқармасына 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.