Қоғам

Самара – Шымкент тасжолында 2 оқушы мен мұғалім қаза тапты

ашық дереккөз

Оқиға бүгін, сағат 08:45-те болған.

Самара – Шымкент тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты.

Оқиға бүгін, сағат 08:45-те Самара – Шымкент трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2 оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.