Қоғам

Қызылжар ауданында 25 жолаушы мінген автобус жыраға түсіп кетті

видеодан скриншот

Салдарынан бір жолаушы жарақат алды.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 25 адам мінген жолаушылар автобусы жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті, деп хабарлады turkystan.kz Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.

Автобус Петропавлдан Имантауға бет алған. СҚО Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, 54 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кеткен. Салдарынан бір жолаушы жарақат алып, оқиға орнынан Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді.