«Қазақфильмде» 400 млн теңгенің ұрланғаны анықталды

19 желтоқсан, 2023 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақфильмді» тексеру қорытындысы бойынша, аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Бюджет Алматы прокуратура Қазақфильм 400 млн теңге