Қалың қар, жел, тұман: 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет мамандары сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің бүкіл аумағында тұрақсыз құбылмалы ауа райы сақталады.
Солтүстікте қар жауады, күндіз солтүстік-батыста толассыз қар жауады.
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстан бойынша боран соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман түседі.