Спорт

Швейцарияда УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Фото: bassport.kz

Алғашқы ойындар 13, 14, 20 және 21 ақпан күндері, қарымта матчтар 5, 6, 12 және 14 наурызға жоспарланған.

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы жеребесінің қорытындысы:

«Порту» (Португалия) – «Арсенал» (Англия);

«Наполи» (Италия) – «Барселона» (Испания);

«ПСЖ» – «Реал Сосьедад» (Испания);

«Интер» (Италия) – «Атлетико» (Испания);

ПСВ (Нидерланд) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия);

«Лацио» (Италия) – «Бавария» (Германия);

«Копенгаген» (Дания) – «Манчестер Сити» (Англия);

«РБ Лейпциг» (Германия) – «Реал» (Испания).

Айта кетейік, алғашқы ойындар 13, 14, 20 және 21 ақпан күндері, қарымта матчтар 5, 6, 12 және 14 наурызға жоспарланған.