Қоғам

Атырауда үй-күйсіз қалған жандарға арналған арнайы орталық ашылды

Фото: azh.kz

Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын.

Атырауда Лесхоз шағынауданындағы жаңадан салынған үш қабатты орталық баспанасыз жүргендерді қабылдайды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғимаратта тұрушыларға барлық жағдай жасалған. Лифт, душ, демалыс бөлмесі, жиһаздалған бөлмелер бар.

Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын. 2010 жылы ғимарат қауіпті деп танылып, былтыр бұзылды.

Жаңа орталық 70 орынға есептелген. Бірінші қабатта адамдар түнейтін бөлмелер бар. Орталық қызметкерлері оларды төсек-орын жиынтығымен, қажет болған жағдайда таза киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Олар жуынып-шайына да алады» деп жазды жергілікті басылым.