Жаңалықтар

Көкшетауда үйдің ауласында тұрған көлік өртеніп кетті

flickr.com

Блгісіз біреу тұрғын үй кешенінің алдында тұрған көлікті өртеп жіберген.

Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы көлік отқа оранды, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Блгісіз біреу қаладағы «Сыр сұлуы» тұрғын үй кешенінің алдында тұрған көлікті өртеп жіберген.

Қалалық полиция басқармасының Nissan patrol көлігінің өртену дерегі бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүгінде күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство таратқан хабарламада.