ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Алматы тауларында қар көшкінінің қаупі байқалып тұр.
Алматы облысының тауларында 18-21 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.
“Облыс аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен, қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады”, - делінген хабарламада.