Жаңалықтар

Тоқаев Катар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Ол шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Катар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Катар халқына бақ-береке тіледі.