Спорт

Министр Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады

Қазақстандық спортшы кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шавқат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады.

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Шавқат Рахмонов кезекті кездесуінде жеңіске жетті. Даңқты жерлесіміз мұхиттың арғы бетінде ұйымдастырылған UFC 296 турнирінде октагонға шығып, жергілікті файтер Стивен Томпсоннан басым түсті.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыны құттықтап, алдағы турнирлерде де сәтті өнер көрсетуін тіледі.