«Дала қырандары» турнирі: Жүлдегерлер 4,5 млн теңгеден алды
Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті.
Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» республикалық турнирінің жүлдегерлері белгілі болды.
Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты.
Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті.
Турнир қорытындысы:
55 келі - Еркебұлан Қалымбеков (Солтүстік Қазақстан облысы) 60 келі - Ержан Еренқайыпов (Астана қаласы) 66 келі - Әкежан Билалов (Жетісу облысы) 74 келі - Батырхан Қайырбек (Солтүстік Қазақстан облысы) 82 келі - Заңғар Марат (Қарағанды облысы) 90 келі - Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы) 100 келі - Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) +100 келі - Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы).
Айта кетейік, «Дала қырандары» республикалық турнирінің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – Sport Qory cпортты қолдау қоры.