Денис Никиша әлем кубогының қола медалін еншіледі

17 желтоқсан, 2023 / Ақмарал Берекет
Әлеуметтік желіден
Оның уақыт көрсеткіші - 41.525

Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525.

Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196) еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.

Тэгтер:

Қола әлем кубогы Денис Никиша шорт-трек