Жаңалықтар

Жел күшейіп, қар түседі: Қазгидромет бүгінгі ауа райына болжам жасады

Ашық дереккөз

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — деп жазды ведомстводан.

Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.

ҚР бойынша желдің күшеюі болжануда.