Спорт

Рыбакинаның матчы биылғы үздіктердің қатарына кірді

twitter.com/Wimbledon

Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездесті

Беделді Tennis.com сайты 2023 жылдың үздік кездесулер тізімін жариялады. Үздік кездесулер қатарында Елена Рыбакинаның матчы да бар, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Монреалдағы турнирдің ширек финалында ресейлік Дарья Касаткинамен кездескен болатын.

Аталған матч 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. 

2023 жылғы ең үздік матчтардың көшін Уимблдон финалында кездескен Карлос Алькарас пен Новак Джокович матчы бастап тұр.