Данияр Елеусінов Астанадағы бокс кешінде жеңіске жетті

15 желтоқсан, 2023 / Эльмира Ағабек
Фото: qazsporttv.kz
Отандасымыз Оңтүстік Африка Республикасынан келген Джабулани Макхенседен басым түсті.

Данияр Елеусінов Астанада өткен «IBА Сhampions Night» бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз Оңтүстік Африка Республикасынан келген Джабулани Макхенседен басым түсті.

Боксшылар 6 раунд бойы жұдырықтасты. Төрешілердің бірауыз шешімімен Данияр Елеусінов жеңіске жетті.

Тэгтер:

Астана бокс Данияр Елеусінов