Қоғам

«Шаһар шежіресі»: Астанада Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды

Көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ.

Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылып, Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көрмеге қалалық мемлекеттік архивте сақталған елорда тарихы туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды.

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады.

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, өзге де тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.