Жаңалықтар

Еліміз бойынша жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді

inbusiness.kz

Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындықтар бар.

Бүгін Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тегі жағдайға сәйкес, ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің өзгеруі және кешігуі туралы хабарлайды.

Қазір стансаға келу уақытына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі сақталуда: 

№72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;

№3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;

№27 Алматы-Орал 9 сағатқа;

№9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;

№86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;

№1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;

№11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;

№22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;

№21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;

№43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;

№77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;

№29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;

№7 Алматы - Саратов 04 сағат 30 минутқа;

№45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;

№75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.

№33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;

№506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;

№509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;

№511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;

№52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;

№42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.

Сондай-ақ №51/52 Алматы 2-Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді. 

«Тальго №41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 - Орал стандартты пойызымен жүреді», - делінген ҚТЖ хабарламасында. 

Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындықтар бар. Темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар бөлімдердің қатысуымен жедел штаб құрылды.