Жаңалықтар

Қатты аяз, жел, тұман: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

qarmaqshy-tany.kz

«Қазгидромет» РМК желтоқсанның 15-іне күн райы болжамын жариялады.

Қазгидрометтің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігіне, суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Осыған байланысты күн көбінесе жауын-шашынсыз, бірақ аязды болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстікте тұман түседі деп болжанып отыр.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өте қатты аяз 30-31°С сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында кей уақытта өте күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да асып түсуі мүмкін.