Спорт

Қазақстан құрамасы футзалдан Нидерланд командасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды

Ел құрамасы футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Қазақстан құрамасы футзалдан Нидерланд командасын жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Осылайша, ел құрамасы футзалдан Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ойында футзалшылар Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама 20 желтоқсан күні Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Румынияға қарсы өткізбек.