Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады.


Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне COP29 конференциясын табысты әрі нәтижелі өткізу үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын айтты.