Жаңалықтар

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ соңғы уақытта вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілеп бара жатқанын айтты.

Полицейлер азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ соңғы уақытта вандализм, бұзақылық, бөтеннің мүлкін бұзу актілері жиілеп бара жатқанын және олар көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда ерекше өрескел түрде жасалатынын айтты.

Барлық осы фактілер бойынша ішкі істер органдарымен қылмыстық істерді тіркеу және сотқа дейінгі тергеуді жүргізумен дереу ден қою қамтамасыз етіледі.

Егер көрсетілген әрекеттер қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, ол бойынша 5-тен 15 тәулікке дейін мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалады, қайталап бұзушылық жасаған кезде 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау көзделген.