Жаңалықтар

Қарағанды облысында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды

batys.info

Ауылда шектеу шаралары енгізілді

Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қара құтыру ауруын жұқтырған. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары айтты, деп хабарлады Хабар 24.

Әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.

Қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін, дейді ветеринарлар. Ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп шыққан көліктің бәрі тексеріледі.