Жұртты әбігерге салған аяздың беті қайтады – синоптиктер
Алдағы үш тәулікте елдің бірқатар облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады.
Жұртты әбігерге салған аяздың беті біртіндеп қайтады. Дегенмен синоптиктердің болжамы бойынша, қолайлы ауа райы болады деп айтуға әлі ерте, деп хабарлады turkystan.kz.
Алдағы үш тәулікте елдің бірқатар облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Шығыста аязды температура сақталады. 15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында құмды дауыл болады.