Жаңалықтар

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

opennews.kz

Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.

«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы 3 күнде республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталып, аяздың беті қайта бастайды.

«15-16 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады», - делінген хабарламада.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.

«Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтеріледі. Батыста – 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және орталықта – 10-25 градус аяз, солтүстікте – 17-28 градус, оңтүстікте – 5-18 градус, оңтүстік-шығыста – 10-25 градусқа дейін жылынады», – делінген хабарламада. 

Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады.