Жаңалықтар

Wizz Air Abu-Dhabi әуе көлігі Түркістанға тұрақты рейстерді ашады

Рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады.

16 қаңтардан бастап Wizz Air Abu - Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлады turkystan.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Рейстер Airbus A321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады.

Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.