Жаңалықтар

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері - 120 838 теңге.

Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 33,7 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 930,6 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 2 триллион 103,1 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) нақтылағандай, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 328 мың адамды құрайды.

Ведомство 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер кіреді.