Саясат

Министрлер жылы кабинетінен шығып, жылу орталықтарының басы-қасында жүруі керек – Ерлан Саиров

Депутат былтыр ғана жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард қаржы бөлінсе де, аязға төтеп бере алмай отырғанымызды жеткізді.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдап, жылу орталықтарындағы өзекті мәселені көтерді.

Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» насостарды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін айтқан депутат былтыр ғана жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард қаржы бөлінсе де, аязға төтеп бере алмай отырғанымызды жеткізді.

Депутат мынадай ұсыныстар айтты: