Жаңалықтар

Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты қашықтан оқиды

0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Астанада екінші ауысым оқушылары да онлайн оқиды, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қаласының білім басқармасы 13 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді.  

Еске сала кетейік, бүгін таңғы ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері мектепке бармаған болатын.