Экономика

Қаржы министрі Мәжіліс депутаттарының ҚҚС мөлшерлемесін өсіру туралы сұрағына жауап берді

Министр ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляция деңгейінің жоспарланған межесіне жетуге (5,5-7,5%) кедергі болмайтынын айтты.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс депутаттарының ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін өсіру туралы сұрауына жауап берді. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Қазақстанда 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8%, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері ЖІӨ-нің 2,7%-ы болған. Кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі 12%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика көлемі жыл сайын артып, 2016 жылы ЖІӨ-нің 9,2%-на дейін жеткен. Осы деректерді алға тартқан министр көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің арасында тікелей байланыс жоқ деп мәлімдеді.

Министр ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляция деңгейінің жоспарланған межесіне жетуге (5,5-7,5%) кедергі болмайтынын айтты.