Спорт

Қазақстандық маман Азия теннис федерациясының президенті болды

ktf.kz

Дауыс беру нәтижесі бойынша Юрий Польскийді 55 делегаттың 34-і қолдады.

Қазақстандық Юрий Польский Азия теннис федерациясының (ATF) президенті қызметіне сайланды.

Бүгін ATF бас сессиясы кезінде ұйым басшысы сайланды. Бұл қызметке Польскийден бөлек Тайланд, Жапония мен Шри-Ланкадан тағы үш үміткер ұсынылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша, қазақстандық маманды 55 делегаттың 34-і қолдады. Осылайша, Польский 4 жылға президент қызметіне сайланды. Сондай-ақ ол Азия теннис федерациясының директорлар кеңесін де басқарады. Бұған дейін Польский вице-президент болған.

"Сайлаудың негізгі факторы соңғы 16 жылда Қазақстан теннис федерациясы жүргізіп келе жатқан реформалар болды. Бұл тәжірибемен Қазақстан теннис федерациясының өкілдері өңірлік бастамалар шеңберінде бөліседі және осыған ұқсас өзгерістер 44 елде теннисті дамыту үшін зорәлеуетке ие Азия өңірі елдерінде жоспарланған", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Болат Өтемұратов Қазақстан теннис федерациясының президенті қызметіне тағы төрт жылға сайланды.