Қоғам

Жамбыл облысында мыңға жуық үй жылусыз қалды

Сондай-ақ елді мекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылусыз отыр.

Жамбыл облысында түн ортасында магистральді газ құбыры жарылып, 5 елді мекендегі 980 үй жылусыз қалды. Олар - Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, елді мекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылудан ажырап қалған. Апат Гродеково ауылында 22:10 шамасында болған. Жауаптылардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша, құбыр қысым әсерінен жарылған болуы мүмкін. 

Қазір сала мамандары 20 метрден асатын құбырдың бөлігін жалғап жатыр. Апатқа байланысты аймақта арнайы штаб құрылған.