Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
13 желтоқсанда еліміздің үш қаласы мен тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды.
Талдықорғанда түнде қатты аяз болады: -27°C...-29°C.
Қонаевта түнде қатты аяз болады: -25°C...-27°C.
Алматыда түнде қатты аяз болады: -23°C...-25°C. 14 желтоқсанда да түнде қатты аяз болады: -25°C...-27°C.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 20 градус аязды көрсетеді деп күтіледі. Ақтауда көктайғақ болады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таразда түнде баған -33°C...-35°C көрсетіп, қатты аяз болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан,оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында сынап бағаны -40°C көрсетіп, қатты аяз болады деп күтіледі.