Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» Батыс Қазақстан облысы үшін пайдалы жоба болды

Бүгінде Мемлекет басшысының ел мүддесі үшін жолдаған арнайы Жолдауы жүзеге асырылып, оң нәтижелер көрсетіп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға тапсырма берді. Тапсырманың орындалуы жауапты құзіретті органдардың жіті назарында болды. Олардың алдыңғы қатарында «AMANAT» партиясының бой көрсетіп, белсенділік танытқаны мәлім. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге негізделген «Ауыл аманаты» жобасы Батыс Қазақстан облысы үшін пайдалы әрі нәтижелі бола білді. Жобаны жүзеге асырмас бұрын «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Ауыл Аманаты» жобасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша 40 күндік ақпараттық марафон өтті.

Мобильді топтар республикамыздың барлық облысы бойынша 175 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округін аралады. БҚО-да барлығы – 25 кездесу ұйымдастырылып, оған 1752 азамат қатысты. Кездесу барысында мобильді топ мүшелері ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің, лизингтің жаңа мүмкіндіктері және халықтың табысын арттыруға бағытталған басқа да құралдарға қатысты ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымдағы алғашқы сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Осы мәлімде негізінде «AMANAT» партиясы аталған жобаны Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Оның дәлелі облыста «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге кредиттік қаражат бөлінді. Осы қаржыға 742 микрокредит беріліп, 787 жұмыс орны құрылатын болады.

 Облыста 2023-2024 жылдары микрокредиттер мына бағыттар бойынша беріледі:

Мал шаруашылығы, соның ішінде  сүтті бағыттағы ірі қара мен құс шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын өнімдерін өсіру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, қажетті  жабдықтармен қамтамасыз етіп,шағын кәсіпкерлікті дамыту; Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

      «Ауыл аманаты» бағдарламасын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында облыстық, 12 аудандық және 147 ауылдық округте жобалық кеңселер құрылды.Құрамында мәслихат депутаттары, «Атамекен» ҰКП және «AMANAT» партиясы филиалының мүшелерінен комиссия құрамы жасақталып, ауылдық округтерде ауыл тұрғындары арасында жергілікті жерлерге шығу арқылы түсінік жұмыстары жүргізілді.

       Ауыл-шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс көлемінде 394 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, соның ішінде 270 ауыл шаруашылығы кооперативтері нақты жұмыс істеп тұр. Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізін, яғни, 204-і етті мал шаруашылығы, 43-і сүтті бағыттағы, 11-і өсімдік шаруашылығы бойынша, 5-і сервистік қызмет көрсету бойынша, 3-і бау-бақша шаруашылығы, 3-і бал ара шаруашылығы және 1-і су шаруашылығы бойынша мамандандырылған.

        Бүгінгі күнге бөлінген қаржы көлеміне 1007 өтінім қабылданып, қарастырылуда. 6 436,5 млн. теңгеге несие алуға 1004 өтініш мақұлданса, 5 170,8 млн. теңгеге 765 микрокредит берілді. Сонымен қатар, 1 265,6 млн. теңгеге 239 өтініштің құжаттарын дұрыстауға дейін кері қайтарылды.  Бағдарлама шеңберінде 51 ауыл шаруашылығы кооперативі, 661 жеке кәсіпкерлер құрылып несиеленуге өтініш беріп, 738 жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар атқарылуда.

      Мал шаруашылығын дамыту бағытына 4383 млн. теңгеге 650 өтініш, өсімдік шаруашылығына 72 млн. теңгеге 10 өтініш, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 163,3 млн. теңгеге 16 өтініш, , сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті дамытуға 202,5 млн. теңгеге 29 өтініш түсіп отыр. Бүгінгі күнге сүтті МІҚ шаруашылығы бойынша 6507 бас сатып алуды жоспарлап отырған өтініштер мақұлданды.

      2024 жылғы бюджетті нақтылау мақсатында облыста 147 ауылдық округіне скрининг жүргізілген болатын. Скрининг нәтижесіне сәйкес несие алуға өтініш білдіріп отырғандардың саны 1345 адам. Жобалардың болжамды құны – 9 102,7 млн.теңге.

       Бұл мәліметтер «AMANAT» партиясы БҚОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Төремұратов Кенжалы Жанғалиұлының тікелей эфирінде егжей-тегжейлі баяндалды.