Спорт

Қазақстандық хоккейшілер дұрыс қосылмаған Әнұранды өздері айтып шықты (ВИДЕО)

Скриншот: instagram/kazakhstanhockey

Қазақстан жастар құрамасы ертең Франция командасына қарсы ойнайды.

Хоккейден жастар құрамасы Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, артынша Қазақстан Әнұранын өздері айтып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Турнир ұйымдастырушылары Қазақстан Әнұранын таба алмағанға ұқсайды. Сосын команда өкілдері ойыншыларға "Онда өздерің айтыңдар" деген соң, жас хоккейшілер Әнұранды өздері айтып шықты.

Қазақстан жастар құрамасы ертең Франция командасына қарсы ойнайды.