Жаңалықтар

Алматыда ТЖД басқармасының бастығы сотталды

Ашық дереккөз

Ол кәсіпкерден 13 млн теңге пара алғаны үшін 5 жылға сотталды.

8 желтоқсан күні Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

«Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды» деп жазылған хабарламада. 

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.