Жаһан

Ердоған Түркия чемпионатындағы ойында төрешіні ұрып жыққан клуб президентінің әрекетіне наразылығын білдірді

EMIN SANSAR/GETTY IMAGES

Кеше «Анкарагюджю» клубының президенті мен команда өкілдері ойын біткен соң төрешіні ұрып жыққан болатын.

Түркия прездиенті Реджеп Тайып Ердоған Түркия Суперлигасының 15-турында төрешіні ұрып шыққан «Анкарагюджю» клубының президентінің әрекетіне наразылық білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Түркия Суперлигасының 15-турында кездескен «Анкарагюджю» мен «Ризеспор» командаларының арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Алайда «Анкарагюджю» клубының президенті мен команда өкілдері ойын біткен соң төрешіні ұрып жыққан болатын.

«Мен бүгін кешке болған «Анкарагюджю» — «Ризеспор» кездесуінен соң төреші Халил Үміт Мелерге шабуыл жасағандарға наразымын. Ол тезірек сауығып кетсін деп тілеймін. Спорт дегеніміз  — бейбітшілік пен бауырмалдық. Спортта зорлық-зомбылыққа орын жоқ. Біз ешқашан түрік спортында зорлық-зомбылыққа жол бермейміз» деп жазды Түркия басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.