Жаңалықтар

Бүгін Астанада екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқиды

Астана қаласы Білім басқармасы

0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы мәлім етті.

2023 жылғы 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.