Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық — Президент
Мемлекет басшысы ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде айтты.
«Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс. Сондықтан бірқатар маңызды мәселеге назар аудару қажет.
Мен жуырдағы Жолдауымда 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе, яғни 450 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде маңызды міндет жүктедім. Бұл міндет – бос қиял емес, Үкіметтің мұқият есептеген іс-қимыл жоспары. Оны орындау үшін жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажет. Ол ел экономикасының маңызды элементіне айналады», - деді Мемлекет басшысы.