Спорт

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: vesti.kz

Отандастарымыз мажар елінен келген замандастарын 5:2 есебімен айқын ұтты.

Хоккейден әлем чемпионатының «А» дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан жастар құрамасы топтағы бірінші ойынды жеңіспен бастады, деп хабарлады  turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Отандастарымыз мажар елінен келген замандастарын 5:2 есебімен айқын ұтты. 

Будапеште өткен ойында Қазақстан жастар құрамасы сапында Дәулет Нұркенов (4-минут), Егор Смольянинов (13-минут), Артем Авдеенко (49-минут), Всеволод Логвин (53 және 58-минуттар) шайба соқты. 

Жас хоккейшілеріміз екінші ойынын бүгін Данияға қарсы өткізеді. Скандинавия елінің өкілдері алғашқы ойында Францияға жол берді. 

Топта отандастарымыз Венгрия мен Даниядан бөлек Франция, Жапония және Австрияға қарсы ойнайды.