Қазақстан Палестина халқына қосымша материалдық-гуманитарлық көмек жеткізді
Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың «Қызыл Жарты Ай» қоғамына тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп Палестина халқына гуманитарлық көмек жүгін арнайы ұшақпен жеткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұратын гуманитарлық көмек Мысырдың «Қызыл Жарты Ай» қоғамына тапсырылды.
Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі Мысыр билігімен бірлесіп қазақстандық көмекті мұқтаж палестиналықтарға жеткізеді.
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде осы ұйымның мүшесі Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.