Шымкентте ер адам ойын клубының операторына шабуыл жасаған
Ер адам 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып қалған.
Шымкентте ойын клубының операторына шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған дейін ол 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.
«Мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан ер адам сейфтегі 4 миллион теңгені иемденіп, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында «ізін суытпай» ұстады. 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды.
ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.