Қоғам

БҚО-да өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

mgorod.kz

Қайғылы оқиға 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болған.

Батыс Қазақстан облысында жеке үйден шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты.

«Мой город» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болған. Құтқарушылардың айтуынша, өрт туралы хабарлама сағат 07:25-те түскен.

«Жеке тұрғын үйдің төбесі, жеке заттар мен шатырдың бір бөлігі өртеніп кеткен. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 40 және 30 жастағы екі ер адамның жартылай күйіп кеткен мәйіттері табылды. Өрт 08:55-те сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 21 адам мен алты техника жұмылдырылды. Қазір төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.