Қатты аяз, жел: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 11 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, аяз түседі. Тек еліміздің батысы мен шығысында жауын-шашын болмайды.
ҚР оңтүстік жартысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, таулы аудандарда кей уақыттарда қар қатты жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.
Жетісу облысының, Алматы облысының таулы аудандарында, түнде оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қар қатты жауады.