Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

10 желтоқсан, 2023 / Ақмарал Берекет
Sputnik / Абзал Калиев
Ертең оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқитын болды

Астана қаласы білім басқармасы 11 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«2023 жылдың 11 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Астана оқушы қашықтан оқу